Қазақстанда стратегиялық инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда стратегиялық инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық мерзіміне заңнамалық талаптардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Стратегиялық инвестициялық келісімдер енгізіледі. Осы мақсатта Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне, сондай-ақ «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» заңға түзетулер көзделетін болады», - деді ол.

Министр стратегиялық инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылатындығын атап өтті.

«Барлық жобалар Инвестицияларды тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінде қаралады. Жобалардың іске асырылу тиімділігін арттыру үшін әрбір ірі инвесторды жеке тәсілмен қамтамасыз ету болжанады. Бұдан басқа инвестициялық жобаларды іске асыру процесінде заманауи инфрақұрылымды, ағылшын заңнамасын және жеңілдетілген салық және көші-қон режимін ұсынатын «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуеті белсенді пайдаланылатын болады. Жоғарыда көрсетілген шаралар негізгі капиталға инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімнің 30 пайызына жеткізуге және тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы келуін 2025 жылға қарай 30 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар