Қазақстанда спортпен айналысуға шақыратын жаңа челлендж басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі карантин кезінде азаматтарымызды спортпен айналысуға шақыратын жаңа челлендж бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» және өзіне қарасты ұйымдармен бірге «Бірге еңсереміз» челленджін бастады. Челлендж барысында Белгілі спорт және өнер қайраткерлері карантин кезінде үйде және таза ауада спортпен айналысуға шақырады. Басты байлық - денсаулық екенін ұмытпай, белсенді болайық!», - делінген «Қазақконцерт» ұйымының Instagram парақшасында жарияланған челленджде.



Соңғы жаңалықтар