Қазақстанда спорт төрешілерінің жалақысы қаншалықты өсті
2022 жылғы 1 шілде 21:29

Қазақстанда спорт төрешілерінің жалақысы қаншалықты өсті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті. Жиынға қатысушылар өңірдегі мәдениет нысандарын қайта құру, туризм мен бұқаралық спортты дамытуға қатысты сұрақтар қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің бүгінгі кездесуіміз-демократияландырудың, бүкіл мемлекеттік биліктің транспаренттілігін арттырудың және атқарушы органдардың жауапкершілігінің тағы бір дәлелі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықпен тұрақты кездесулер «Жаңа Қазақстан» жақсы белгісі болуы тиіс деп санаймын», – деді министр.

Кездесу барысында Дәурен Абаев соңғы 3 жылда Түркістан облысының туризм саласына инвестиция көлемі 255,8 млрд теңгеге жеткенін атап өтті.

«Қысқа мерзім ішінде облыста 40-тан астам жаңа қонақ үй мен 30-ға жуық мәдени нысан іске қосылып туристерге қызмет көрсетіп отыр. Олардың бірегейі – «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешені. Бұл объект өңірдің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосуда. Жаңа 600 жұмыс орынымен қамтамасыз етіп, 208 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартып отыр. Бүгінгі таңда облыс аумағында жалпы сомасы 86,9 млрд теңгені құрайтын 35 туристік инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр», – деді министр.

Сондай-ақ, министрлік басшысы Түркістан облысында 685 мәдениет мекемесі жұмыс істейтінін хабарлады.

Осы жылы өңірде 3 нысанның құрылысы және 14 мәдениет нысанының жөндеу жұмыстары, сондай-ақ мемлекеттік тілде зағип және нашар көретін азаматтар үшін кітапхана қорын ұлғайту жоспарланған.

Кездесуде Дәурен Абаев басым міндеттердің бірі - бұқаралық спортты дамыту екенін атап өтті.

Осы мақсатта Түркістан облысында 5 жаңа нысан салу және 1 спорт нысанын қайта жаңарту көзделген.

Сонымен қатар, министрлік жұмысының маңызды бағыты - спорт төрешілерінің еңбекақысын арттыру.

«Біз спорт төрешілерінің еңбекақысын көтеруге бастамашы болдық. Үлкен жұмыс атқарылды. Бұл көптеген судьялар үшін қосымша мотивация болады және мамандықтың беделін арттыруға, жаңа мамандардың келуіне ықпал етеді. Сайып келгенде, барлығы: спортшылар, жанкүйерлер және жалпы сала жеңетініне сенімдімін. Жарыстар да сапалы жаңа деңгейге шығуы керек екені анық. Осылайша, 2024 жылға қарай спорт төрешілерінің жұмысына ақы төлеу БЛЕ-дан 100% дейін ұлғаяды. Бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмей келді», - деді министр Дәурен Абаев.

Сонымен, халықаралық санаттағы ұлттық судьялардың базалық лауазымдық еңбекақысы 2654,6 теңгеден 17697 теңгеге дейін, жоғары санаттағы ұлттық судьялардың еңбекақысы 2123,6 теңгеден 15927 теңгеге дейін, жоғары санаттағы ұлттық судьялардың еңбекақысы 2123,6 теңгеден 15927 теңгеге дейін, спорт бойынша ұлттық судьялардың еңбекақысы 1769,7 теңгеден 14158 теңгеге дейін, 1 категориялы судьялардың еңбекақысы 1415,8 теңгеден 12388 теңгеге дейін, спорт төрешілерінің еңбекақысы - 1238,8 теңгеден 10618 теңгеге дейін ұлғаяды.

Бұл - төрешілерге жарыстың бірінші күнінде төрелік еткені үшін төленетін төлем.

Егер жарыс бірнеше күнге созылса, бұл төлем жарыс күндерінің санына көбейтіледі. Айта кету керек, бұл еңбекақы емес.

Кездесу барысында министр барлық қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ БАҚ үшін брифинг және азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Сондай-ақ Дәурен Абаев облыстың бірқатар мәдени-тарихи, спорттық және туристік нысандарын аралады.


Фото: gov.kz
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты – статистика
2022 жылғы 9 тамыз 23:13

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты – статистика

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда биылғы жылдың екінші тоқсанында атаулы орташа жалақы 312 мың теңгеден астамды құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы ІI тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 312 011 теңгені құрады. 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 24%, нақты мәнде – 8,9% құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІІ тоқсанда бағалау бойынша 196 728 теңге болды», - делінген бюро мәліметінде.

Бір жылда жалақының ең жоғары өсімі құрылыста байқалды – 35,5%. Сондай-ақ еңбекақы көлік және қоймаға орналастыру саласында – 34,8%, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 28,3% жоғарылады. Жалықы ең аз өскен салалар: денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 12,1%, түрлі қызмет көрсетулер – 3,9%.

Өңірлер бойынша айлық еңбекақы ең көп Қызылорда облысы тұрғындарында көтерілген – 31,3%. Ең төмен өсім Нұр-Сұлтан қаласында байқалды – 14,2%, бұл ретте нақты мәнде (бағаның өсуін ескере отырып) 0,1 пайыздық тармаққа төмендеу байқалды.

«Орташа айлық жалақы туралы деректер кәсіпорындардың тоқсан сайынғы статистикалық есебі негізінде есептеледі. Орташа мән қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салық пен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады. Медиана жалақысы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлгендегі қатардың тең ортасында тұрған және сол мөлшерді екіге бөлетін (одан көп және аз) жалақы мөлшері» – деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросы Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.


2025 жылға қарай батыс өңірлердегі тұрғындар табысы өседі
2022 жылғы 1 тамыз 12:00

2025 жылға қарай батыс өңірлердегі тұрғындар табысы өседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай атыраулықтардың табысы 18, маңғыстаулықтардың табысы 22 пайызға өседі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау және Маңғыстау облыстарының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарлары инвестициялық жобаларды іске асыруға, жұмыс орындарын құруға, тұрғын үй және өзге де инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған. Кешенді жоспарларда Атырау облысында 187 іс-шараны және Маңғыстау облысында 227 іс-шараны іске асыру көзделген. Кешенді жоспарларды іске асыру 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімді Атырау облысы бойынша – 8,9 трлн теңгеге дейін және Маңғыстау облысы бойынша – 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайтуды, Атырау облысы бойынша – 42 мың және Маңғыстау облысы бойынша – 55 мың жұмыс орынын құруды, Атырау облысы бойынша – 3,5 млн-нан астам және Маңғыстау облысы бойынша – 4 млн тұрғын үй шаршы метрін пайдалануға беруді, халықтың нақты табысын Атырау облысы бойынша – 18 пайызға және Маңғыстау облысы бойынша – 22 пайызға өсіруді қамтамасыз етеді», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның дерегінше, кешенді жоспарларды іске асыру аясында 2021 жылы Атырау облысы бойынша – 1 193 адам (тұрақты – 186 адам, уақытша – 1 007 адам) және Маңғыстау облысы бойынша – 13 894 адам (тұрақты – 3 891 адам, уақытша – 10 003 адам) жұмысқа орналастырылды.

«Осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Атырау облысы бойынша – 528 адам (тұрақты – 112 адам, уақытша – 416 адам) және Маңғыстау облысы бойынша – 9 295 адам (тұрақты – 977 адам, уақытша – 8318 адам) жұмысқа орналастырылды. Кешенді жоспарларды уақтылы орындау және іске асыру Үкіметтің бақылауында», - деді Әлихан Смайылов.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT