Қазақстанда сотталушылар арасында шығармашылық байқау басталды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың пенитенциарлық жүйесінің барлық мекемелерінде сотталғандардың қолымен жасалған «Үміт-2015» атты картиналар мен қолданбалы өнер бұйымдарының байқауы өтіп жатыр, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметінен.

«Осындай шараның өткізілуі сотталушылар арасындағы тәрбиелеу жұмысы бағыттарының бірі болып табылады, ол табиғат әсемдігін түсініп, өнерге бет бұруға, сондай-ақ эстетикалық талғамды тәрбиелеуге септігін тигізеді», - деп атап өтті ведомстводан.

Мәселен, кеше УК-161/2 мекемесінде (қатаң режим, Қостанай қаласы) байқау қорытындылары жарияланды. «Шығармашылық жарысқа ниет білдірген барлық сотталушылар қатысты. Соңғы қорытындыны қазылар алқасының төрайымы - Қостанай облыстық өлкетану мұражайы директорының орынбасары Галина Саталкина шығарды», - деп баяндады УК-161/2 мекемесі бастығының орынбасары Азамат Ғапбасов.

Республикалық байқаудың соңында картиналар мен бұйымдар дәстүр бойынша қарттар үйлеріне, балаларға арналған мектеп-интернаттарына, мектептерге, балабақшаларға жіберіледі, деп қосып өтті ІІМ ҚАЖ Комитетінен.

Соңғы жаңалықтар