+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстанда сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі

2021 жылғы 4 қазан 19:03
Бөлісіңіз:
Қазақстанда сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бөлім басшысы Жанар Шайдуллина Қазақстанда сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 19 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігіне берілуі тиіс. Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету функцияларын денсаулық сақтау органдарының қарамағына беру тексерудің, диагностиканың және емдеудің заманауи әдістеріне кеңінен қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Жанар Шайдуллина ҚР ІІМ ұйымдастырған брифингте.

Оның айтуынша қазіргі уақытта Қазақстанның пенитенциарлық мекемелер жүйесінде 80 мекеме бар, олардың 64-і – түрлі режимдегі колониялар және 16 тергеу изоляторлары, онда 34 мыңнан астам сотталған (24,9 мың) және тергеумен қамауға алынған (5,3 мың) адамдар бар.

«Денсаулық сақтау және медициналық көмек және өмір сүру – әр адамның ажырамас құқығы болып саналады. Осы мақсатта қоғамнан оқшаулаудың бастапқы сәтінен бастап, бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде денсаулық сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Оқшауланған адамдар медициналық көмек алу кезінде ҚР азаматтарының барлық құқықтарын пайдаланады. Ол денсаулық сақтау саласында бекітілген стандарттарға сәйкес ұсынылады», - деп атап өтті Жанар Шайдуллина.

Спикердің айтуынша, емдеу мен профилактикалық көмек оқшаулау жағдайында да, азаматтық денсаулық сақтау секторында да көрсетіледі.

«ҚАЖ мекемелерінде медициналық көмек «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне, ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне, ІІМ ведомстволық бұйрықтарына және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. ҚАЖ мекемелерінде медициналық көмек көрсету үшін стационарлары бар 65 медициналық бөлім, оның ішінде 16 – тергеу изоляторында, 6 емдеу-профилактикалық мекемесінде, 3 туберкулезге қарсы ауруханада, сондай-ақ қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде (қоныс-колонияларда) 15 денсаулық пунктінде жұмыс істейді», - деді Ж. Шайдуллина.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT