Қазақстанда сотталғандардың саны 63 мың 302 адамды құрайды

None
None
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгінгі күні Қазақстандағы сотталғандардың саны 63 мың 302 адамды құрайды. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесуі барысында еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелерін баяндаған ҚР Әділет министрі Рашид Түсіпбеков осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні республикамыз бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің 74 мекемесі жұмыс істеп тұр. Бұл мекемелердің 1-еуі түрме, 19-ы жалпы режимдегі, 20-сы қатаң режимдегі, 5-еуі ерекше режимдегі мекеме, 19-ы тергеу изоляторлары, 4-еуі түзеу колониялары болып табылады. Қыркүйек айының 25-індегі жағдай бойынша бұл мекемелердегі сотталған адамдардың саны 63 мың 302-ні құрап отыр. Басқа мемлекеттермен салыстырып қарағанда, Қазақстан сотталғандар саны бойынша 24-ші орынды тұр», деді Р. Түсіпбеков.

Министрдің айтуынша, күдіктінің, айыптының және сотталушының құқықтарын сақтау мақсатында біршама шаралар жүзеге  асып отыр. Олар конституцияда кепілдік берілген және мемлекетіміз қабылдаған халықаралық пактілерде қамтылған барлық құқықтарды пайдалана алады. «Сотталғандар өмір сүруге, денсаулығын сақтауға, білім алуға, дін еркіндігіне, ана тілін пайдалану құқықтарына ие. Атап айтқанда, денсаулығын сақтау құқығын жүзеге асыру бойынша сотталғандар арасында медициналық тексерулерден өткізу жүргізіледі. Қазіргі таңда бас бостандығынан айырылғандардың денсаулығына қатысты басымдық нашақорлық, туберкулез бен АҚТҚ (ВИЧ) дертімен күрес болып отыр. Бұл мақсатта арнайы бағдарлама қабылданып, қаржылық қамтамасыз ету толық жүзеге асып отыр», деді Әділет министрі. 

Соңғы жаңалықтар