+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Қазақстанда сотталған бір адамды асырау үшін қанша қаражат жұмсалады

2018 жылғы 23 сәуір 11:30
Бөлісіңіз:
Қазақстанда сотталған бір адамды асырау үшін қанша қаражат жұмсалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру орындарында 27 мың қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Оның 6 мыңы уақытша ұстау изоляторында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ Қылмыстық-атқару комитетіне сілтеме жасап.

Агенттіктің ресми сауалына берілген жауапқа сәйкес, сотталған және тергеуге байланысты қамалған адамды бір күн асырау үшін соңғы мәліметтер бойынша 2,4 мың теңге, жылына 876,9 мың теңге жұмсалады.

Еңбекке жарамдылардың ішінде 72,2 пайызы жұмыс істейді. Олардың барлығы айлығын алып отыр. Олардың орташа айлығы шамамен 22-30 мың аралығында. Атқарылған жұмыс еңбек өтіліне есептеледі.

Сотталғандардың айлығы ақшаны уақытша сақтаудың қорытынды басқару есебіне (ҚБЕ) аударылады. Барлық төлемдер мен аударымдар сотталғандардың өтініші бойынша ҚБЕ-ден қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. ҚБЕ-ден банк карточкасына айлық тек қауіпсіздігі минималды мекемелерде қамалғандарға ғана аударылып отырады.

Барлық облыстар мен түзеу мекемелерінде «Еңбек» РМК филиалдары жұмыс атқаруда. Қамалғандар жұмыс кезінде металл өңдеу, ағаш өңдеу, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы өнімдері, тоқыма бұйымдарын өндіріп, күзет және видеобақылау жүйесінің инженерлік-техникалық саймандарын монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің субъектері тартылады.

Осы жылдың басынан бастап 251 бизнесмен өндірістік алаң сенімгерлік басқаруын мойнына алып, осының арқасында 3 мың сотталған адам жұмыспен қамтылған. Сонымен бірге, тағы 9 бизнесмен ағаштан кәдесый жасау, етік тігу, ұлттық бұйымдарды әзірлеу бағытында жеке өндірісін жолға қойып алған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Статистика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT