Қазақстанда сот төрелігін тиімді жүзеге асырудың барлық қажетті жағдайлары қамтылған - Б. Бекназаров

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда сот төрелігін тиімді жүзеге асырудың барлық қажетті жағдайлары қамтылған.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Сот төрелігін жүргізу кезіндегі соттың және судьяның тәуелсіздігі: құқық қолдану практикасының проблемалары және заңнамалық реттеудің перспективалары» тақырыбына арналған конференция барысында сөз сөйлеген ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Бектас Бекназаров осылай мәлімдеді.

«Бүгінгі күні мен осында тұрып, Қазақстанның сот билігіне ешкім де ешқандай да қысым жасамайтынын барынша беделімді салып айта аламын», - деп атап өтті жиын барысында Б. Бекназаров.

Бұдан бөлек, Жоғарғы Сот төрағасы соңғы уақытта қазақстандық соттар кәсіби жоғары білікті кадрлармен күшейіп отырғанын атап өтті. «Сот билігіне қарай арнайы заңгерлерді даярлауға барынша көп назар аударылып отыр. Судьялық лауазымдарға кандидаттарды іріктеп алудағы рәсімдер де ашық жұмыс істейді. Бұл ретте үміткерлердің кәсіби біліктілігіне ғана емес, адамгершілік қасиеттеріне де баса назар аударылады», - дейді төраға.

Соңғы жаңалықтар