Қазақстанда сот төрелігін дамытуға халықаралық банктен 36 млн. доллар бөлінеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Мәжiлiстің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмдi (Сот төрелiгi секторын институционалдық нығайту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Аталған заң жобасына сәйкес, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi Қазақстанға сот төрелiгi секторын институционалдық нығайтуға 36 млн. доллар қарыз береді.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы қарыз туралы келiсiм 2014 жылдың 29 сәуiрінде Астанада жасалды. Соған сәйкес, Банк Қазақстанның сот төрелiгi секторын институционалдық нығайту жобасын қаржыландыруға 36 млн. АҚШ доллары сомасында қарыз бермек. Қарызды өтеу мерзiмi - 15 жыл. Республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру мөлшері 23,9 млн. долларды құрап отыр.

Бұл ретте Қазақстандағы құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған жоба құқықтық және институционалдық базаның басты элементтерiн нығайту, судьялардың тиiмдiлiгiн және кәсiбилiгiн арттыруды қамтиды.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

Соңғы жаңалықтар