Қазақстанда сот орындаушылардың жауапкершілігі күшейтілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрлігі еліміздегі сот орындаушылардың жауапкершілігін күшейтуді қолға алғалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде сот орындаушыларының мойнына артылатын жауапкершіліктің үш түрі бар: тәртіптік, лицензияны тоқтату және лицензияның күшін жою. Қазіргі уақытта ортақ форматқа сәйкес көп жағдайда бұзушылықтың дәрежесіне қарай лицензия тоқтатылады немесе оның күші жойылады», - деді Әділет министрлігінің сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары Әмір Омаров аталмыш министрлікте өткен дөңгелек үстелде.

Бүгінгі күні егер сот орындаушысына жүктелген міндет жеткілікті дәрежеде орындалмаған жағдайда оның лицензиясы автоматты түрде тоқтатылады.

«Егер сот орындаушы берілген екі айдың ішінде ешқандай әрекет жасамаса, оның лицензиясы күшін жояды. Әділет министрлігіне түскен шағымдар тексеруге толыққанды негіз бола алады», - деді спикер.

Департамент директорының орынбасары өз сөзінде аталмыш норма әзірге Мәжіліс қарауында жатқанын айтады.

«Заңға енгізілген өзгерістер шамамен жылдың соңына дейін күшіне енеді», - деді Әмір Омаров.

Еске сала кетсек, бұған дейін жоғарыда аталған департаменттің директоры Дархан Игембаев Қазақстанда 216 мың борышкер алимент төлеп жатқанын мәлім еткен болатын. Оның айтуынша, елімізде алименттік берешек бойынша қордаланған мәселеге байланысты сот орындаушылар борышкерлерге жұмыс іздеуге мәжбүр болып отыр.

Өз кезегінде Әділет министрі Марат Бекетаев елімізде алимент төлеушілерге арналған көмек қоры құрылуы мүмкін екенін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар