+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қазақстанда соңғы қоңырау қалай өтетіні белгілі болды

2021 жылғы 11 мамыр 12:16
Бөлісіңіз:
Қазақстанда соңғы қоңырау қалай өтетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы қоңырау аясында мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда өткізіледі. Биылғы шектеу іс-шаралары ескеріліп, бірнеше формат ұсынылмақ. Біріншіден, дәстүрлі түрде ашық таза ауада 9 және 11-сынып оқушылары үшін, сондай-ақ 300-ге дейін оқушысы бар әрі осы уақытқа дейін штаттық режимде оқытып келе жатқан мектептер өткізе алады. Сонымен қатар, екі нұсқа ұсынылып отыр, яғни сынып ішінде немесе онлайн түрде өткізу қарастырылған. Қажет деп санаса, сынып ішінде өткізу нұсқасы ұсынылады. Ал қашықтан оқытып жатқандар үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде болады», - Ш. Каринова министрліктің аппарат жиналысында.

Мұнымен қоса ол оқу жылының аяқталуына байланысты педагогикалық қағидатты сақтау үшін әртүрлі сыйлықтарды алуға рұқсат етілмейтінін еске салды.

«Жалпы, соңғы қоңырауды өткізудің негізгі мақсаты – барлық мектеп оқушылары үшін белгілі бір сыныпты аяқтап, келесі сыныпқа өту және жазғы демалыстың басталуы. Ал мектеп түлектері 9 және 11 сыныптар үшін мектеп бітіру іс-шарасы болып саналады. Атап айтқанда, штаттық режимде (соңғы қоңырау) өткізілетін жағдайда барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталуын мектеп әкімшілігі назарға алуы тиіс. Әр оқушымен, әр мектеп бітірушімен келетін ата-ананың саны бірден аспауы керек. Мұның өзі санитарлық талаптарды сақтауға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT