+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Қазақстанда соңғы 4 жылда «көлеңкелі» экономика 29-дан 20 пайызға дейін төмендеген

2021 жылғы 20 қыркүйек 16:56
Бөлісіңіз:
Қазақстанда соңғы 4 жылда «көлеңкелі» экономика 29-дан 20 пайызға дейін төмендеген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді Білім министрлігі әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі тиіс - Тоқаев Мемлекет басшысы Жезқазғандағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа барды

Президентке Агенттіктің «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 8 айда 1508 экономикалық құқық бұзушылық анықталғаны, оның 803-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататыны жөнінде баяндалды. 36 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттеріне тосқауыл қойылған. Алкоголь өнімдерін шығаратын 26 жасырын цех пен 224 заңсыз ойынхана жабылған.

Агенттік төрағасының айтуынша, соңғы 4 жылда «көлеңкелі» экономика 29 пайыздан 20 пайызға дейін төмендеген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың алдағы 3 жылға арналған кешенді жоспарын бекітті.

Жанат Элиманов әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша да жұмыстар жалғасып жатқанын айтты. Атап айтқанда, азық-түлік бағаларының көтерілмеуін қамтамасыз етуге тиіс тұрақтандыру қорларын құру үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың 5 дерегі анықталған. Тараз қаласында жылу, Қызылорда қаласында газ тасымалы тарифтерінің негізсіз көтерілуіне жол берілмеді. Балаларға арналған мамандандырылған және медициналық-әлеуметтік мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты 36 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды. Олар 376 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT