+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қазақстанда Солтүстік инвестициялық банк қызмет көрсетеді

2019 жылғы 17 қазан 14:08
Бөлісіңіз:
Қазақстанда Солтүстік инвестициялық банк қызмет көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстандағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дариға Назарбаева мен Дмитрий Казанцев Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады Ауыл шаруашылығы машинасын жасауға арналған салалық бағдарлама қажет - сенатор Сенаторлар «Ауыл-ел бесігі» жобасына енбеген елді мекендер мәселесін көтерді

Аталған құжатқа 2018 жылғы 16 қазанда Хельсинки қаласында қол қойылған болатын. Келісім Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Солтүстік инвестициялық банктің қызметін ашуға мүмкіндік береді.

«Солтүстік инвестициялық банк 1975 жылы құрылды және Скандинавия мен Балтық елдері мүше болып табылатын көпжақты даму банкі. Штаб-пәтері Хельсинки қаласында орналасқан. Солтүстік инвестициялық банктің жарғылық капиталы 6 млрд 142 млн еуроны құрайды, ол мүше елдердің төлемдерінен қалыптасады (Дания, Эстония, Финляндия, Исландия, Латвия, Литва, Норвегия, Швеция). Солтүстік инвестициялық банктің жалпы кредиттік портфелі 2018 жылы 19,1 млрд еуроны құрады. Қарыздар 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Банктің стратегиясына сәйкес кредиттік портфельдің шамамен 20% оның мүшелері болып табылмайтын елдерге беріледі», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Солтүстік инвестициялық банк қаржыландыруының негізгі бағыттары энергетика, «жасыл экономика», телекоммуникация, көлік, өнеркәсіптің түрлі салалары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау сияқты секторлар әрі шағын және орта бизнес болып саналады.

Келісімде Қазақстанның заңнамалық актілерінде көзделмеген нормалар, атап айтқанда валютаның айырбасталуы және қаражат аудару, тендерлер өткізу, сондай-ақ Солтүстік инвестициялық банктің активтері мен кірістерін салық салудан босату жөніндегі нормалар белгіленеді. Бұл халықаралық ұйымдардың стандартты шарттары. Келісім мүшелік жарналар және бюджеттен басқа да төлемдерді талап етпейді.

Осы орайда ол келісімді ратификациялау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайтынын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Банктер, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT