+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды

2021 жылғы 1 наурыз 12:18
Бөлісіңіз:
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірінші наурыз, яғни Алғыс айту күні «Шын Жүректен»: Jurekten.kz әлеуметтік, волонтерлік жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің тұрғындары алғыс білдіргісі келетін адамдарына «рақметін» жеткізе алады. Ол үшін сайтқа кіріп, алғыс жіберу жеткілікті. Жылы сөздерді кез келген адамға: ата-ана, алғашқы мұғалім, дәрігер немесе бейтаныс адамдарға да арнауға болады.

Жоба жетекшісі Black & White Production компаниясының атқарушы продюсері Адина Хамардың айтуынша, «Рақмет» деп айту қиын нәрсе емес, оны естіген адамның да қуанып қалатыны сөзсіз.

«Біз қазір пандемия тудырған, қиындықтар мен шектеулер әсер етіп жатқан ерекше уақытты бастан өткеріп жатырмыз. Біздің жобаның мақсаты – адамдарды осындай күрделі кезеңде біреуге шын жүректен алғыс айтып, ризашылық білдіруге шақыру»,-дейді продюсер.

Жоба авторлары қазір біз жақсы жаңалықтардан гөрі жағымсыз жаңалықтарды жиі естиміз дегенді алға тартады. Біздің айналамызда көбінесе ызалы және қатыгез адамдар өмір сүретін сияқты. Бірақ мейірімділік, жақсылық жасау, махаббат сезімдері қайда қалды? Әрине, бұл қасиеттер жоғалып кеткен жоқ, тек олар туралы адамдар қазір аз айтады.

«Сондықтан өз оқиғаларымызбен бөлісіп, айналамызда қанша қамқор адам бар екенін көрейік!»,-дейді Адина Хамар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT