Қазақстанда «шошқа тұмауынан» 1 адам қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда А(Н1N1) вирусынан 1 адам қайтыс болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

«Бүгінгі таңда А(Н1N1) штамынан («шошқа тұмауы») 1 адам қаза тапты», - деп атап өтті ол.

Оның сөзі бойынша, аталмыш оқиға дәрігерлерге кеш xабарлаудан орын алды.

«Егер дене қызуы қатты көтеріліп, жөтел пайда болса, өзін-өзі емдеумен айналысуды доғару қажет және дәрігерлерге жүгіну керек. Шошқа тұмауының адам ағзасына әсері өте қатты, сондықтан оны қолмен емдеу мүмкін емес», - деді бас санитарлық дәрігер.

Айта кету керек, республика аумағында А(Н1N1), А(Н3N2) және В тұмау вирустары тұрақты айналымға енген. Республиканың барлық өңірлерінде тұмау вирустарының зертxаналық расталған 270 жағдайы тіркелген.

Соңғы жаңалықтар