Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 15 адам суға кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл өңірлерде жүзу маусымы басталмағанына қарамастан, 2018 жылдың 1 мамырында елдегі су айдындарында 18 адам, соның ішінде 8 бала суға ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құтқарушылар 35 адамды, соның ішінде 3 баланы құтқарып қалды.

2017 жылы осы кезеңде 13 адам, соның ішінде 5 бала суға батып кеткен.

Адамдардың басым бөлігі су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан қаза тапты. Ал, балалардың көбі ересектердің қарауынсыз қалғандықтан (8 жағдай) суға ағып кеткен. Сондай-ақ, балық аулау кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуына байланысты 6 адам және қайықтың аударылуынан 1 адам мерт болған.

Қазіргі таңда түрлі облыстарда балық аулауға кеткен 5 адам іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда шомылуға, демалуға және балық аулауға қолданылатын 50 мыңнан астам су айдыны бар.

Соңғы жаңалықтар