Қазақстанда ШОБ-қа жеңілдікпен несие беру мүмкіндігі айтарлықтай кеңейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда шағын және орта бизнеске жеңілдікпен несие беру мүмкіндігі айтарлықтай кеңейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы несиелеу көлемі 1 трлн теңгеге ұлғайтылды. Бұл - «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қосымша 400 млрд теңге және Ұлттық банк желісі бойынша жаңа 600 млрд теңгелік сома. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша салаларды қамту айтарлықтай кеңейтілді. Қарыз алушылар үшін соңғы мөлшерлеме 6%-ды құрайды», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы бойынша 112 млрд теңге сомасына 1700-ден астам жоба қаржыландырылған. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 216 жоба іске асырылып, 22,9 млрд теңгеге несие берілген.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 382 млрд теңгеден астам сомаға шамамен 1500 жоба қаржыландырылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар