+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Қазақстанда шикізаттық емес экспортты дамытудың жол картасы бекітілді

2019 жылғы 4 қыркүйек 12:44
Бөлісіңіз:
Қазақстанда шикізаттық емес экспортты дамытудың жол картасы бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің өкімімен шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету жөнінде жол картасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сыр өңірінде агроөнеркәсіп кешен өнімдері әлемнің 19 еліне экспортталады Соя мен жүгеріні Қытайға экспорттауымыз керек – Даниал Ахметов Қазақстан Бангладешке - әскери жабдық, Италияға - аккумулятор өткізе бастады

Жол картасы шегінде ішкі және сыртқы кедергілерге ерекше назар аударылады, оларды жою отандық эскпорттаушыларотандық өнімді сыртқы нарыққа ілгерілету кезінде кезігетін теріс факторлар мен салдарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Жол картасының іс-шаралары қолайлы бәсекелес негізделген жағдайлар жасау және белсенді сауда саясаты арқылы ұлттық экспортты қолдау жолымен кіріс саласындағы саясат пен жауапты экономикалық саясат жолымен экономиканың экспорттық аясын одан әрі дамытуға бағытталған.

Жол картасы шикізаттық емес сектор мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экспорттаушыларының тұжырымдамалық-реформаторлық ұсыныстарының негізінде әзірленген, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуде жаңа тәсілдерді қамтиды.

Жол картасында 81 іс-шара көзделген, оның ішінде шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету жөнінде 52 іс-шара және көрсетілетін қызметтерді дамыту бойынша 29 іс-шара қарастырылған.

Жол картасының мақсаттарына қол жеткізу мынадай тұжырымдамалық бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

- жүйелі – мемлекеттік қолдау шараларын және нысаналы топты айқындау әдістерін қайт құрылымдауға бағытталған шаралар;

- құқықтық – нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру мен жетілдіруді талап ететін шаралар;

- экономикалық – өндірістің шығынын төмендетуге бағытталған шаралар (өнімнің өзіндік құнын төмендету), өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру (оның ішінде қаржы және қаржы емес қолдау шаралары);

- институционалдық – экспорт саласында барлық институттардың қызметін шоғырландыратын отандық экспортты дамыту мәселелері жөнінде бірыңғай институтты қалыптастыруға бағытталған шаралар.

Жол картасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілет» атты ҚР Президентінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы Жолдауында берілген тапсырмаларды және ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 26 маусымдағы №511 қаулысымен бекітілген «Ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасын орындау шегінде әзірленген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT