Қазақстанда шикізат емес тауарды белсенді экспорттайтын 546 компания бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрлігі экспортты ілгерілету департаментінің директоры Өмірбек Баштай Қазақстанда шикізат емес тауарды белсенді экспорттайтын неше компания бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы Қазақстанда экспорттаушылар өте көп. Ал шикізат емес таураларды белсенді экспортатушылардың саны, қателеспесем, 546 болуы керек. Олардың өзі түрлі топтарға бөлінеді. Кейінгі 3 жылда мұндай санатқа жататын 2000-нан астам экспорттаушы бар. Соның ішінде 546-сы белсенді сауда жасап жүр», - деді министрлік өкілі экспортаушыларды оқыту бағдарламасының таныстырылымында.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның экспорттаушылары 7 айдың ішінде 37,5 млрд доллардың шикізат емес тауарын экспорттағанын атап өтті.

«Қазақстан экспортының әлемдік нарықта ілгерілеуі туралы айтсақ, көрсеткіштеріміз өте жақсы. 7 айдың қорытындысы бойынша шикізат емес тауар айналымы 37,5 млрд доллар болды. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 21 пайыз жоғары. Мұндай өсім сақталса, межеленген көрсеткішті асыра орындауға болады. Яғни, жақсы қарқынмен келе жатырмыз. Қойылған міндетті орындауымыз керек», - деді Өмірбек Баштай.


Соңғы жаңалықтар