Қазақстанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 1-тоқсанында елімізде өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,9 пайызды құрады. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылғы қаңтар-сәуірде 2019 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ өнімдерінің, темекі бұйымдарының, мұнай өңдеу өнімдері, фармацевтикалық өнімдерінің өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, сусын өндірісі төмендеді», - деп атап өтеді комитеттен.

Ведомство мәліметінше, өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде байқалды.

Биылғы 4 айда елімізде 31,3 млн тонна газ конденсатын қос алғанда мұнай, 37,1 млн тонна мыс кендері, 1,1 млн тонна ұн, 1,5 млн тонна бензин, 1,5 млн тонна газойльдер (дизельдік отын), 2,7 млн тонна портландцемент, 0,7 млн тонна жазық илек және 37,5 млрд кВт.сағат электр энергиясы өндірілген.


Соңғы жаңалықтар