Қазақстанда шетелдік компанияларға қандай талаптар қойылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев басқа елден жұмыс күшін тартатын шетелдік компанияларға қандай талап қойылып отырғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр шетелдік жұмысшыларға 49 мың квота берілсе, биыл 20 мыңға дейін қысқартылды. Үшінші және төртінші санаттағы шетелдік жұмысшылардың санын барынша кеміттік. Мақсатымыз – болашақта төртінші санаттағы шетелдік жұмысшыларға берілетін квотаны түгел жою. Негізінен бірінші және екінші санаттағы мамандарды ғана аламыз. Яғни, өзімізде жоқ мамандар мен басшылар ғана шетелден келеді. Қазір шетедік компаниялардың алдына мынадай міндет қойып отырмыз: егер 10 шетелдік жұмысшыны 3 жылға тартса, сол уақыт ішінде кемінде 10 қазақстандықты маман етіп дайындап шығаруы керек», – деді Бердібек Сапарбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, жыл басында Қазақстан Үкіметі «ҚР аумағында еңбек ету үшін шетелден жұмыс күшін тартуға 2020 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» қаулыны бекіткен болатын.



Соңғы жаңалықтар