Қазақстанда шет мемлекеттерден 314 жолаушы ПТР анықтамасынсыз келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға шет мемлекеттерен ұшақпен келген жолаушылардың 84% астамы Қазақстанға ПТР-анықтамаларымен келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, Түркия, БАӘ, Ауғанстан, Ресей, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында хабарланғанындай, 2 039 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 314 адам - ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 629 жолаушы, анықтамамен - 576; анықтамасыз - 53;

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 409 жолаушы, анықтамамен - 1 148, анықтамасыз - 261;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.


Соңғы жаңалықтар