Қазақстанда шенеуніктерге қаржылық санкция қолданылуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда шенеуніктің кірісі-шығысы сәйкес келмесе қаржылық санкция қолданылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агенттік шенеуніктердің кірістері мен шығыстары біршама сәйкес келмеген жағдайда мансаптық және қаржылық санкция қолдануды ұсынады.

Мұнымен қоса, агенттік барлық мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің декларацияларын жариялауды міндеттеуді жөн санайды», - деді Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, бұл бастаманы барлық мемлекеттік органдар қолдаған және таяу арада Үкіметтің тиісті қаулысына өзгертулер енгізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар