Қазақстанда шаруашылықтардағы астық электронды есепке алынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда шаруашылықтардағы астық электронды түрде есепке алынатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз электронды астық қолхатына көшіп жатыр. Әзірше, электронды есепке алу элеваторлар деңгейінде ғана жүргізіліп жатыр. Дегенмен, алдағы уақытта барлық астықты қамту үшін шаруашылықтар деңгейіне дейін төмен түсуді жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Оның айтуынша, алдағы уақытта шаруашылықтан элеваторға дейін жеткізілетін бидай көлемі электронды түрде есепке алынатын болады.

«Бүгінгі күні мемлекеттік тізілімнен элеваторлардағы бүкіл астықты көре аламыз. Сондықтан астықты есепке алу жүргізілмейді деуге болмайды. Тіпті бізде астықтың мемлекеттік статистикасын жүргізетін ұйым да бар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар