+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанда шамамен 800 адам коронавирусты қайта жұқтырып алды

2021 жылғы 16 маусым 13:06
Бөлісіңіз:
Қазақстанда шамамен 800 адам коронавирусты қайта жұқтырып алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда шамамен 800 адам коронавирусты қайта жұқтырып алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 1,5 мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр Қазақстанда 1 тәулікте коронавирус пневмониясынан 10 адам қайтыс болды Реанимацияда орын жоқ: елордалық дәрігерлер ковид стационарларындағы жағдайды көрсетті

«Егер адам бір рет ауырса, қайтадан ауырмайды деген түсінік мүлдем қате. Мұны түсінуіміз қажет. Қазақстанда қазіргі уақытта шамамен 800 адам коронавируспен қайтадан ауырып қалған. Олар вакцина алмаған болатын. Жалпы, бұл тек Қазақстанда ғана емес өзге де елдерге тән үрдіс. Еуропада және өзге де елдерде мыңдаған адам қайтадан ауырып жатыр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, өзіңді және жаныңдағы адамдарды қорғау үшін вакцина алған дұрыс. Әсіресе, бірінші кезекте 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар азаматтар екпе алғаны жөн.

«Біз барлық азаматтарға екпені белсенді түрде алуға кеңес береміз. Инфрақұрылымдық тұрғыда алғанда Қазақстанның әрбір өңірінде, тіпті сауда орталықтарында екпе пункттері ашылған. Өздеріңіз де дүрбелең жоқ екенін көріп отырсыз. Еліміздің барлық азаматы тегін вакцинаның тиесілі дозаны емін-еркін салдыра алады», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT