Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз 2016 жылы Қазақстанда 2-4 сынып оқушылары арасында шахматты үйрету бағдарламасын бастаған болатынбыз. Алайда, пандемия кезінде бұл жобамыз сәл тоқтап қалған еді. Қазіргі таңда бұл бағдарламаны қайта бастап жатырмыз. Яғни, біз енді 1-4 сыныптар арасында шахмат ойнауды үйрететін боламыз. Қазір шахматты дамыту жол картасы дайындалып жатыр. Биыл қыркүйек айынан бастап 30-ға жуық мектепте бағдарлама пилоттық жоба ретінде басталады», - деді Гүлмира Дәулетова.

Оның сөзінше, Қазақстанда бүгінгі күні 7 мыңға жуық шахмат секциясы бар.

«Бұл шахмат секциялары мектептерде орналасқан. Қазіргі таңда Қазақстан да 200 мыңнан астам шахматшы бар. Олардың саны күн сайын өсіп келеді. Алматыда шамамен 50 мыңнан астам шахматшы бар. Біз бұл сандарды Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сүйеніп айтып отырмыз», - деді ҚШФ атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.


Соңғы жаңалықтар