Қазақстанда шағын және орта бизнес саны 2,5 есеге артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанда шағын және орта бизнестің саны  2,5 есеге өсті. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы отырыс барысында Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Қаржы және Ұлттық экономика министрлерінен шағын және орта бизнес қызметінен түсетін салықтық түсімдерге мониторинг неліктен жүргізілмейтіндігін, оның үлесі қандай екенін сұраған болатын.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, шағын және орта бизнесті дамыту министрліктің  және жалпы Үкіметтің басым бағыттарының  бірі саналады.

«Біз үшін ең негізгі көрсеткіш - шағын және орта бизнестің жалпы қосылған құны. Соңғы 5 жылдың ішінде, 2012 жылы шағын және орта бизнестің жалпы қосылған құны 5,3 трлн теңгені құрады. Ал өткен жылы 13,5 трлн теңге болған еді. Яғни, соңғы 5 жылдың ішінде шағын және орта бизнестің 2,5 есеге өсуін байқап отырмыз. Бұл өте жақсы, елеуі көрсеткіш деуге болады. Салықтық түсімдерге қатысты айтар болсам, біздің есептеуіміз бойынша олар өткен жылдың ішінде 10 пайызға өсті», - деді Тимур Сүлейменов.

Өз кезегінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов та бюджеттен мемлекеттік бағдарламаларға, шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін айтты.

«Ал мониторинг туралы айтар болсақ, 300 ірі кәсіпорынның жалпы жылдық айналым көлемі біреуінде ғана 105 млрд теңгені құрайды. Бұл шағын және орта бизнестің айналымынан 900 есеге үлкен. Сондықтан қателіктер, жалтару сызбасы болған кезде олар бюджеттің шығындарына едеуір әсерін беруі мүмкін. Сондықтан жалпы ірі кәсіпорындардың 80 пайызының салықтық төлемдерін беретін 300 кәсіпорынға арнайы мониторинг жасалады. 1,5 млн салық төлеушілердің 90 пайызын шағын және орта бизнес құрайды. Алдымызға қойылған мақсатқа сәйкес жалпы ішкі өнімнің үлесінде 50 пайыз шағын және орта бизнес болуы керек. Олар да бақылаудан түспеуі тиіс. Тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Бақытжан Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар