+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Қазақстанда сенбі күні карантин жеңілдетілуі мүмкін

2021 жылғы 20 тамыз 18:41
Бөлісіңіз:
Қазақстанда сенбі күні карантин жеңілдетілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрілігінің басшылығы сенбі күнгі карантин тәртібін жеңілдетуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда коронавируспен ауырғандардың 99 пайызы вакцина алмағандар Коронавирус: Латвияда карантин талабын бұзғандар 5 мың еуро төлейді Асқар Мамин: Қазіргі міндет – 60 пайыз ұжымдық иммунитет қалыптастыру

Орталық коммуникациялар қызметінде «Атамекен» ҰКП-ның карантиндік іс-шараларды жеңілдетуге қатысты ұсынысы бойынша сұрақ қойылды.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова бұл мәселе тұрғысында алдағы бір аптада елдегі эпидемиологиялық жағдай назарға алынатынын атап өтті.

«Егер тұрақтану жағдайы жалғасатын болса, онда келесі сенбіден бұл шаралар қабылдануы мүмкін», - деді комитет басшысы.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой демалыс күндеріндегі локдаунға қатысты пікір білдірді.

«Бұл мәселеге қатысты «Атамекен» палатасы бізбен бірге талқылады. Егер бізде жағдай тұрақтаса, алдағы аптадан сенбі күніне қатысты жеңілдетуді қарастырып отырмыз. Атап айтқанда, Алматы бойынша ахуал күрделі, өлім-жітім мен індет жұқтыру деңгейі жоғары. Сондықтан қазіргі кездегі шектеу іс-шаралары ондағы жағдайға сәйкес келіп тұр. Бұл тұрғыда адамдардың өмірі маңызды. Осы жағдайға ерекше мән беріп отырмыз. Егер мүмкін болса, онда жеңілдету қадамдарын жасап, бизнес үшін мүмкіндіктерді ашамыз», - дедң А. Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT