Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

Қазақстанда сексеуілді кесуге салынған тыйым мерзімі ұзартылады

2017 жылғы 22 қараша 14:03 1444
Бөлісіңіз:
Қазақстанда сексеуілді кесуге салынған тыйым мерзімі ұзартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың соңына қарай сексеуілді шабуға тағы да бес жыл мерзімге тыйым салынбақ. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Үстеміров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Биылғы жылдың шілде айында бекітілген заң бойынша біз сексеуілді шабу мен сатуға тыйым салдық. Демек, 2018 жылға дейін біз сексеуілден отын дайындауды шектедік. Алайда сауда нүктелерінде сексеуілді сату жалғаса берді. Осы себепті сауда нүктелерінде сексеуілді сатуға тыйым салдық. Осы тыйым аясында біздің аумақтық инкпеция тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізеді», - дейді Қайрат Үстеміров.

Дегенмен, бұрын сексеуілді отын ретінде пайдалануға үйреніп қалған халықтың мәселесі тағы бар. Бұны шешу үшін төрт облыстың белгілі бір аумағында жергілікті тұрғындарға ғана сексеуілді шабуға рұқсат етіледі екен.

«Осы мақсатта жергілікті тұрғындарға сексеуілдің шабуға болатын лимиті (1 үйге - 4 шаршы/метр) мен орынын белгіледік. Мәселен, Алматы облысында 824 мың  шаршы метр, Жамбыл облысында 27 мың  шаршы метр, Қызылорда облысында 10 мың  шаршы метр, ОҚО 800 шаршы метр жерден жергілікті тұрғындарға ғана сексеуілді шабуға рұқсат етілді. Басқа аумақта сексеуілді шабуға рұқсат жоқ. Шабуға да, сатуға да, тасымалдауға да тыйым салынған», - дейді ол.

Комитет төрағасының орынбасарына алдағы уақытта мораторий созылуы мүмкін бе деген сұраққа қойылды.

«2018 жылдың соңына қарай сексеуілді шабуға тыйым салатын мораторийді тағы 5 жылға ұзартуды ұсынғалы отырмыз», - дейді Қайрат Үстеміров.

 

 


Басты сөздер: Экология, ҚР АШМ, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат