Қазақстанда сегіз жылдың ішінде ЭКО-мен 2,7 мың бала дүниеге келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда бюджеттік ЭКО бағдарламасының көмегімен 2010-2018 жылдары 2 мың 700-ден астам бала дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматыда «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Халықаралық шараға 18 мемлекеттің репродуктивті медицина саласындағы сарапшылары қатысуда.

Жиында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда тегін міндетті көмек бойынша репродуктивті денсаулыққа, ауруларды ерте анықтауға ерекше көңіл бөлінгенін және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету деңгейінде динамикалық бақылауда екенін айтты.

«Мемлекет МСАК бойынша үшінші және төртінші деңгейде қызметтер кешенін ұсына отырып, ана мен баланың денсаулығын үнемі қатаң бақылауда ұстаймыз. МСАК деңгейінде 300 астам Отбасын жоспарлау кабинеті және 117 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді» - деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл шаралар интеграцияланған, әлеуметтік, қолжетімді және сапалы медициналық көмекті дамытуға бағытталған. Ведомство МСАК деңгейінен бастап интеграцияланған модельге жекелеген қызметтердің көпбейінді тәсілін қайта бағдарлау бойынша бірқатар реформалар жүргізуде.

«Қазақстан ДДСҰ қолдауымен 1978 жыл Алматыда және қырық жылдан кейін Астанада қабылданған МСАК жөніндегі екі декларациясының отаны бола отырып, денсаулық сақтау жүйесінің іргетасы - бастапқы буынды нығайтуда және қайта құруда үлкен әлеуетті көріп отырмыз», - деді министр.

Қосалқы репродуктивті технологиялар, соның ішінде экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ) біздің елімізде 20 жыл бұрын енгізілген. Қазақстанда ЭКҰ көмегімен алғашқы бала 1996 жылы дүниеге келді.

Айта кету керек, ЭКҰ бағдарламасы ТМККК 2010 жылдан бастап енгізілген және осы аралықта мемлекет бөлген тегін ЭКҰ циклдерінің саны 9 есеге өсті (жылына 100-ден 900-ге дейін).

«Бедеулікке шалдыққан қазақстандық отбасыларды мемлекеттік қолдау мақсатында заманауи қосалқы репродуктивті технология арқылы 5,5 мыңнан астам процедура жасалды. Тек 2010-2018 жылдары Қазақстанда бюджеттік бағдарламаның арқасында 2700 астам бала дүниеге келді», - деді Елжан Біртанов.

Бүгінде елімізде ЭКҰ бағдарламасы бойынша үлкен тәжірибесі бар 1 мемлекеттік және 5 жеке меншік клиника жұмыс істеуде.

«Медициналық қызметтер бойынша мемлекеттік тапсырысты жеке медициналық ұйымдарға беру ісін жалғастырамыз. Пациенттер меншік нысанына және орналасқан жеріне қарамастан кез келген клиниканы таңдауға құқылы» – деді Министр.

Сондай-ақ, ол қосалқы репродуктивті технологиялар клиникалары жыл сайын жүздеген шетелдік пациенттерді қабылдап, медициналық туризмді дамытуда көшбасшы екенін атап өтті.

Естеріңізге салайық, 1-2 қарашада Алматыда «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: бүгіні мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Жиынға Ресей, Украина, Грузия, Германия, Израиль және Қазақстанның репродуктивті медицина саласындағы сарапшылары қатысуда.

Соңғы жаңалықтар