Қазақстанда сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту ұйымдастырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру қорытындылары айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина баяндама жасады. Ол электоралдық оқытуды ұйымдастыру қорытындысы бойынша республика көлемінде 5 180 оқыту іс-шарасы өткізілгенін хабарлады. Оның ішінде:

- Ортсайлауком деңгейінде - 40 оқыту іс-шарасы, соның барысында аумақтық сайлау комиссияларының 1 007 мүшесі және сайлаудың басқа да 1 454 қатысушысы оқытылды;

- өңірлік деңгейде – 5 140 іс-шара, қатысушылардың жиынтық саны-148 062 адам.

Электоралдық оқыту аясында Ортсайлауком сайлау комиссиясы мүшелерін оқыту үшін екі оқу-әдістемелік кешен, сондай-ақ сайлау процесінің басқа да қатысушыларының санаттары үшін электоралдық оқыту тұжырымдамасы әзірленді. 105 кейстен тұратын ахуалдық тапсырмалар кешені, сондай-ақ АСК және УСК мүшелерінің екі жекелеген санаты үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде екі оқыту модулі бойынша тестілеуге арналған 420 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларының Банкі қалыптастырылды.

Бұдан басқа, сайлау комиссияларының мүшелері үшін «Дауыс беру күні» оқыту фильмі, үш әдістемелік құрал (АСК, УСК мүшелері, халықаралық байқаушылар үшін), жадынама мен трафарет (мүмкіндіктері шектеулі және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін), жеті ақпараттық плакат (сайлаушылар үшін), сайлау процесіне қатысушылардың барлық санаттары үшін оқыту және ақпараттық-түсіндіру бағытындағы бейнероликтер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тиісті аудио өнімдер әзірленді. Жоғарыда аталған барлық оқу және әдістемелік материалдар ҚР ОСК интернет-ресурсында орналастырылған.

Сонымен қатар, электоралды оқыту шеңберінде сайлау процесіне қатысушылар «Сайлау саласының кадрларын қашықтан оқыту және тестілеу» интерактивті оқыту жүйесі бойынша оқытудан өтті. Пайдаланушының қол жетімділігі мен ыңғайлылығын жекелендіруді қамтамасыз ету үшін тиісті интерактивті платформасының мобильді нұсқасы жасалды. Қазіргі кезде сайлау комиссиялары мүшелерінің жалпы санының 98,4 пайызы қашықтан оқыту жүйесі арқылы өтті.

Баяндама аясында С. Мұстафина сайлау тағайындалған сәттен бастап пандемия жағдайында Ортсайлаукомның барлық отырыстары онлайн-режимде және сурдоаудармамен қамтамасыз етіле отырып өткізілетінін атап өтті. ОСК интернет-ресурсында сайлау және оқыту бойынша телеграмм-арна және арнайы бөлімдер жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар