Қазақстанда сайлау бюллетенін дайындауға 132 742 225 теңге жұмсалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына сайлау бюллетенін дайындауға 132 742 225 млн теңге жұмсалды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетендерін жасау үшін «Жарық КО» серіктестігімен келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдады. Біз аталған серіктестіктен бір бюллетенді жасау құнын 11 теңге мөлшерінде ұсыныс алдық. Қорғалуында екі жағында да тангир торшасы, айрықша елтаңба бейнесі, бюллетен мәтіні бойынша өзге де элементтердің айрықша бейнесі бар», - деді ОСК хатшысы.

Сонымен қатар С.Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының өкілі аталған типографиядан бюллетендердің басылып шығуы және орамаға салынуы бастан-аяқ қадағалатындығын айтты.

«Орталық сайлау комиссиясының арнайы байланыспен жасалған келісімшарты бар. Ол бюллетендерді аумақтық сайлау учаскелеріне дейін жеткізетін әскерилендірілген күзет. Біз қаулы қабылдадық және енді бюллетендерді асып шығаруға кірісе аламыз», - деді ол.

Бұған дейін 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына 12 067 475 сайлау бюллетені дайындалғанын хабарлаған едік.

Осыған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 12 067 475 сайлау бюллетені дайындалатындығын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар