Қазақстанда сатылған әрбір екінші автокөлік елімізде құрастырылған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың соңына дейін  еліміздің жүк вагондары паркі 3 мың бірлікке артады.  Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Машина жасау саласында елеулі нәтижелерге қол жеткіздік, өсім  16 пайызды  құрайды. Өндірістің күрт өсуіне - нарықтағы сұраныстың қалпына келуі, экспорттық нарықтардың ашылуы, сондай-ақ мемлекет тарапынан жеңілдікті автонесиелендіру бағдарламасы себепші болды. Олар автомобиль жасау секторының дамуына оң әсерін тигізді. Бұл ретте Қазақстанда сатылған әрбір екінші автокөлік Қазақстанда өндірілгендігін атап өткен жөн. Ал өткен жылы әрбір үшінші автокөлік отандық өндірістен болған еді», - деді Алмас Батанов.

Комитет басшысының дерегінше, электр-техникалық машина жасауда «Alageum Electric» АҚ Қазақстанда трансформатор өндіретін 4-ші зауыт салып жатыр. Сондай-ақ аталған компания Солтүстік Қазақстанда және Тәжікстанда өндірісін дамытуды жоспарлап отыр.

«Трансформаторлар өндірісі 2 есеге өсті, кабельді-өткізгішті өнімдер 95, электр аккумуляторлар жасау 14,6 пайызға артты. Өсімге ТМД нарығына, әсіресе Ресей Федерациясына экспорттық жеткізілімдерді арттыру мүмкіндік берді»,-  деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, комбайндар, тракторлар және автобустар лизингіне 13 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді. Теміржол машинасын жасауды дамытуға «БРК-Лизинг» АҚ 50 млрд теңге бөліп отыр. Соның арқасында 2019 жылдың соңына дейін жүк вагондарының паркі 3000 бірлікке толығады.

 

Соңғы жаңалықтар