USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстанда сәрсенбі күні ауа райы құбылмалы болады

2018 жылғы 21 наурыз 04:30
Бөлісіңіз:
Қазақстанда сәрсенбі күні ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронтлаьды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде қар, жаңбыр жаууы мүмкін. Елдің бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында күндіз Жалаңашкөл аймағында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 20-25 метр болады.

Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі деп күтілуде. Сондай-ақ көктайғақ болып, желдің екпіні таң ата және күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман түсіп, күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, облыстарында тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Павлодар облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT