Қазақстанда салық төлеушінің электронды әмияны енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы салық төлеушінің электронды әмияны енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Салық және кедендік әкімшілендіру» тақырыбында баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2020 жылы салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында бірқатар іс-шара жүзеге асырылады. Атап айтқанда, салық төлеушінің электронды әмияны, үш компонентті интеграцияланған жүйе енгізіледі. Патентті қолдану үшін қызмет түрлерінің тізбесі шектеледі. Өзбекстанмен шекарадағы өткізу пунктін қайта құру аяқталып, Қытайдан алынатын займмен 10 өткізу пунктін қайта құру басталады. ЕурАзЭҚ аясында тауарларды қадағалау ақпараттық жүйесі енгізіледі. Қытаймен экспорттық декларациялардың мәліметтерімен толық алмасу жүзеге асырылады.

«Осылайша, Қаржы министрлігі салықтық және кедендік әкімшілендіруді барынша тиімді ету үшін кешенді шараларды қабылдауда», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар