+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстанда салық берешегі ең көп 100 адамның тізімі жарияланды

2019 жылғы 30 қыркүйек 13:23
Бөлісіңіз:
Қазақстанда салық берешегі ең көп 100 адамның тізімі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеуден жалтарған 100 жеке тұлғаның тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Салық бойынша қарызды өтеу үшін 13 күн қалды Салық рақымшылығы: Қазақстандықтар 13 млрд теңгеге жуық салық берешегін өтеді Салықты төлеуге асықпайтын мемқызметшілердің рейтингі жасалды

Бұл азаматтардың мемлекет алдындағы жалпы борышы 286 019 395 теңгені құрап отыр. Оның 175 354 401 теңгесі – негізгі борыш сомасы, ал қалған 110 664 995 теңге – өсімпұл .

Салық бойынша ең көп берешегі бар азамат Қарағанды облысында тұрады. Асқар Нәбиевтің жер салығы бойынша (БСК 104302) негізгі борыш сомасы 37 163 849 теңге, есептелген өсімпұлы - 28 192 533 теңге. Жалпы қарызы 65 356 383 теңгені құрап отыр.

Елде салығы бойынша өсімпұл сомасы негізгі борыш сомасынан асып кеткен азаматтар да бар. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Талғатбек Ильясовтың жер салығы бойынша жалпы берешек сомасы 19 050 875 теңге, оның ішінде негізгі борышы - 8 685 027 теңге, өсімпұлы - 10 365 848 теңге.

Көлік салығы (БСК 104402) бойынша борышкерлер тізімін тағы да Қарағанды облысы бастап отыр. Фадис Мустакимов бұл салық түрі бойынша жалпы 6 081 323 теңге қарыз жинаған. Оның төлеуі тиіс негізгі сомасы - 4 059 318 теңге, есептелген өсімпұлы - 2 022 005 теңге.

Кейбір қазақстандықтар мүлік салығы (БСК 104102) бойынша да қарыз жинап үлгерген. Мысалы, Жамбыл облысының тұрғыны Ерлан Токсанбаевтың жалпы берешек сомасы 576 191 теңге, оның ішінде негізгі борыш сомасы - 335 811 теңге, өсімпұл - 240 380 теңге.

Мүлік, жер, көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтардың жалпы тізімін мына жерден көруге болады.

Айта кетейік, мемлекеттік кірістер органдары салық бойынша берешегі бар азаматтар тізімін жариялау үрдісін алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда салықтық рақымшылық жүруде: ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) негізгі борыш сомасын төлеген азаматтардың өсімпұлы есептен шығарылатын болады.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша тексере алады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Салық, Экономика, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT