Қазақстанда салмағы 1 келілік монеталар айналысқа енгізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 маусым күні Қазақстанның Ұлттық банкі күмістен жасалған номиналы 5000 және 500 теңгелік және мельхиор қоспасынан дайындалған номиналы 100 теңгелік «Астана 20 жыл» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банктен атап өткендей, шақалар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан Астананың 20 жылдығына арналып шығарылды.  





Номиналы 5000 теңгелік монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы - 1 келі, диаметрі - 100 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 200 дана.

Номиналы 500 теңгелік монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 2000 дана.

Номиналы 100 теңгелік монеталар (МН 25) мельхиор қоспасынан жасалған, массасы - 11,17 грамм, диаметрі - 31 мм, дайындау сапасы «brilliant uncirculated», таралымы - 30 мың дана.



Барлық коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті. Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. «Proof» сапасымен жасалған күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады. Ал «Brilliant uncirculated» сапалы мельхиор қоспасынан жасалған монеталар сату үшін арнайы полиграфиялық орауға салынған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ «Монеталардың Интернет-дүкені» www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтының интернет - дүкені арқылы сатып алуға болады.


Соңғы жаңалықтар