Қазақстанда «Салауатты қала» жобасы әзірленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде «Салауатты қала» жобасы әзірленді. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен қоғамдық денсаулық сақтаудың 10 негізгі жедел қызметіне бағалау жүргізді. Ол қадағалау, нормативті реттеу, бағалау, сауықтыру, ауруға қарсы күресу ісінде маман даярлау сияқты шараларды қамтиды.

«Біздің басты мақсатымыз - өмір сүру ұзақтығына әсер ету. Біз озық тәжірибелер мен дағдыларды назарға ала отырып, тамақтану мәдениетін өзгертуге қатысты ұсыныстардың ғылыми негіздемесін қалыптастырып, адам өмірі мен іс-әрекетінің, аурудың алдын  алу шаралары мен денсаулықты нығайту бағыттарында жұмыстар жасаудамыз», - деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Жәмилә Баттақова.

Ол сондай-ақ, аймақтардағы түрлі қызметтердің (полиция, экологиялық бақылау, коммуналдық қызмет) іс-қимылын реттеу үшін «Салауатты қала» (аймақ) жобасының әзірленгенін айтты.

Бұл өмір сүрудің қауіпсіздік жағдайларымен, медициналық қызметтердің қолжетімділігімен, дене белсенділігі мен спортпен айналысу үшін жағдай жасау, ауа мен суды ластауды азайту шараларымен қамтамасыз етеді.

Одан бөлек, әр аймақта салауатты өмір салтын насихаттайтын мектеп, ЖОО, ауруханалардың көмегімен адам денсаулығы үшін жағдай жасау және оның жолындағы кедергілер мен өзекті мәселелерді анықтаудың маңызды екені айтылды.

«Ұлттық желі құру мақсатында «Қазақстанның салауатты қалалары» брендін танытып, оны жүзеге асыру жолдарын ашқымыз келеді. Нәтижесінде көліктерді азайту есебінен жаяу жүргінші жолын, веложолдарды көбейту қоршаған ортаның ластануын бәсеңдетеді. Демек, бұл тыныс жолдары, аллергия, демікпе ауруларының қаупін сейіледі», -деді Ж.Баттақова.

Соңғы жаңалықтар