+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанда сәбіз тапшылығы болуы мүмкін - министр

2021 жылғы 10 маусым 10:43
Бөлісіңіз:
Қазақстанда сәбіз тапшылығы болуы мүмкін - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда сәбіз тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2021 жылдың маусым айында қаржы нарығындағы ахуал қандай болды Қасым-Жомарт Тоқаев «KazRost Engineering Ltd.» компаниясына барды Ұлттық банк экономиканы қайта қалпына келтірудегі басты қауіп-қатерді атады

«Сәбіз бойынша картоптан да қиын жағдай қалыптасты. Қазіргі уақытта отандық өнім қоры жыл басымен салыстырғанда 5 есе төмендеді. Бұл ретте жыл сайын Қазақстанда сәбіз өндірісінің жетіспеушілігі байқалады, бұл қажеттіліктің 5-6 пайызы», - деді Сауда министрі бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, негізгі тапшылық сәуірден шілдеге дейінгі кезеңге келеді, оны Қазақстан Өзбекстаннан қымбат импорт есебінен толтыруға мәжбүр.

«Бұл ретте Өзбекстанда да сәбіз бағасы жыл басынан бері 55%-тен астам өсті. Сәбіз бойынша өңірлер де қорлардың жеткілікті көлемін қалыптастырған жоқ – тұрақтандыру қорларында бар болғаны 258 тонна сақталуда. Сәбіз бойынша форвардтық сатып алу қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 5,7 мың тоннаны құрайды, оның 73%-ті тек Алматы қаласына тиесілі», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Бұған дейін министр Қазақстанда картоптың не себепті қымбаттағанын түсіндірді және мәселені шешу жолдарын ұсынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT