Қазақстанда «С» вирустық гепатитіне шалдығу 2,8 есеге төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Елжан Біртановтың басшылығымен «С» вирусты гепатитіне шалдығу ахуалы бойынша селекторлық кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жеті айында республикада жіті »С« вирустық гепатитінің (ЖВГС) 35 жағдайы тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,19 құрады. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 12 бала тіркелген. 100 мың балаға шаққанда – 0,23. Балалар арасында ЖВГС жағдайы Нұр-Сұлтан қаласында (6), Алматы қаласында (3), Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында (1-ден) тіркелген», - деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Денсаулық сақтау министрі бір ай ішінде халықаралық сарапшыларды және басқа да ұйымдарды тарта отырып, инфекциялық бақылау саласындағы стандарттар мен бұйрықтарға аудит жүргізуді және жыл соңына дейін нормативтік құжаттарды қайта қарауды, онкогематологиялық аурулармен ауыратын науқастарға көмек көрсететін медициналық ұйымдарды жоғары қауіпті объектілерге жатқызуды, ал ТТҚСБ стандарттарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Сонымен қатар, биылдан бастап барлық пациенттер вирусқа қарсы тиімді еммен қамтылғанын атап өту қажет. 2018 жылдан бастап министрлік «С» вирусты гепатиті бар науқастарды емдеу үшін »Софосбувир« жаңа жоғары технологиялық дәрілік затты сатып алуға қаржы бөледі. Бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен жоспарланған 4 мың адамның орнына 18 мың адам емделеді. Үш жылдық келісім аясында Қазақстандағы БҰҰДБ »С« гепатитіне қарсы 4,1 млн АҚШ долларына (1,5 млрд.теңге) дәрі жеткізеді.

Осылайша, »С« вирусты гепатиті бар науқастар тиімділігі жоғары жаңа «Софосбувир+Даклатасвир» препаратымен емделу мүмкіндігіне ие болды (курстың тиімділігі дәлелденген және 90% жетеді). 2018-2019 жылдары 21 191 науқас ем алады», - деді министрліктен.



Соңғы жаңалықтар