+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қазақстанда ревакцинация мәселесін арнайы жұмыс тобы қарап жатыр

2021 жылғы 27 қыркүйек 15:43
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ревакцинация мәселесін арнайы жұмыс тобы қарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус індетімен күресте қайта вакциналациялау мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда дүркіретіп той өткізгендер анықталып, әкімшілік жазаға тартылды ШҚО-да скрининг нәтижесінде обырға шалдыққан 65 әйел анықталды Коронавирус: Алматыда 122 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

«Ревакцинация қазір әлем елдерінің алдында тұрған мәселенің бірі. Бүгінде елімізде санэпидемқызметтің мамандары, ғалымдар мен дәрігерлерден құрылған жұмыс тобы құрылды. Өз кезегімізде жетекші халықаралық агенттіктер мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан ақпарат сұраттық. Халықаралық тәжірибе назардан тыс қалмайды. Тағы бір жайт, қазіргі уақытта ревакцинацияға қатысты нақты критерийлер жоқ, өйткені COVID-19 ревакцинациясы бұл жаңа дүние. Барлық деректерді жинақтап, иммундау жөніндегі консультативтік комиссияның қорытындысынан кейін ревакцинация туралы жалпы жұртшылыққа нақты ақпарат берілетін болады», - деді Алексей Цой ҚР Үкіметі үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, қажет жағдайда ревакцинацияға еліміздің медициналық нысандары мен мамандары толық дайын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT