Қазақстанда ресми құжаттарды сауатты әзірлеуге үйрететін портал ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған Resmihat.kz онлайн-порталы (https://resmihat.kz/) туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Resmihat.kz - іс қағаздарын, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде сауатты әзірлеу және еркін жаза білуге үйрететін, дағдыландыратын ақпараттық-анықтамалық портал», - деді ол Орталық коммуникациялар  қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Белгілі болғандай, жоба Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен «Samruk-kazyna trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен даярланды.

Азат Шәуеевтің атап өтуінше, портал  түрлі құжаттардың дайын үлгілерімен танысумен қатар, адамдарды құжатты толтыру ісінде білімін жетілдіруге көмектеседі.

Портал базасы үнемі жаңа құжаттармен, әдістемелік ұсыныстармен толықтырылып отырады. Сонымен қатар онда іс қағаздарын жүргізу және басқа да пайдалы материалардың ережелері жаңартылып отырады.

Сайтта «Іс-қағаздарының түрлері», «Іскери хат алмасу», «Нормативтік база», «Ғылыми мәтін», «Әдістемелік көмек», «Анықтама бөлімі» секілді бөлімдер жасақталған.

Қазіргі кеде Resmihat.kz жобасы тетістілеу режімінде апробациядан өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар