Қазақстанда рақымшылық жасау, ізгі және экономикалық тиімді шара болар еді - П. Казанцев

None
None
ашаның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанда рақымшылық жасау,  ізгі және экономикалық тиімді шара болар еді. Бүгін елордада партияаралық және қоғамдық диалогтың «Көзқарас» саяси клубының  отырысында «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Павел Казанцев осындай пікір білдірді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Атап айтқанда, клубтың отырысында рақымшылық жасау мәселесі, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Жиынға Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев, сонымен қатар Парламент және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

 П. Казанцевтің айтуынша, рақымшылық жасаудың түпкі мақсатқа лайықты екендігі айқын жайт.

Бас бостандығынан айырылған адамды ұстау шығын болатынын жеткізген ол, «сондықтан қоғамға қайшы сипат келтірмейтін қылмыстарды рақымшылық жасау үшін қарастырған жөн болар еді», деді.

 Осыған байланысты П. Казанцев бұл мәселенің партиялардың қолдауына байланысты ары қарай Парламентке және Үкіметке бағытталатынын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар