+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанда ПТР-тестілеу бағасы арзандауы мүмкін

2021 жылғы 23 маусым 21:02
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ПТР-тестілеу бағасы арзандауы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда ПТР-тестілеу бағасын арзандату жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда эпидахуал күрт нашарлады - Жандарбек Бекшин Қазығұртта бірнеше тойхана иесі карантин режимін бұзған - Түркістан облысы Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны тағы көбейді

«Менің ойымша, ПТР (тест – ред.) бағасы қымбаттамайды. Біріншіден, біздің азаматтар вакцинаны таңдайды деп ойлаймын. Оған бек сенімдімін. Қазіргі вакциналау қарқыны да осыны айғақтайды. Екіншіден, ПТР-тестілеудің орташа бағасы 7-8 мың теңге деңгейінде. Жақында ғана ведомствоаралық комиссияда кәсіпкерлер бағаны арзандатып, әрі қарай Еуропа елдерінде қолданылатын жаңа ПТР-тестіні алуды ұсынды. Олар жаңа тәсілдер ұсынып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және кәсіпкерлермен бірге бұл мәселені қарастырып жатыр. Сондықтан, ең алдымен, біз бағаны төмендету мүмкіндігін қарастырамыз», - деп жауап берді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары вакциналауға қатысты ақпараттық жұмысқа баға берді.

«Өздеріңіз білесіздер, бүгінде Қазақстанда жалпы жағдай тұрақталған. Күнделікті өсім 1200 адам деңгейінде, менің ойымша, бұл өте маңызды нәтижелер. Біз қабылдаған шаралар соңғы жағдайға байланысты болып отыр. Біздің әрекет етпеуге құқығымыз жоқ, оның үстіне Қазақстанда барлық белгілері бар айқын қауіп төніп тұр. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барлық жерде жүріп жатыр. Бірақ біз мұның жеткіліксіз екенін түсінеміз және қосымша шаралар қабылдауға мәжбүрміз. Бұл бірінші кезекте азаматтарымыздың қауіпсіздігін, денсаулығын қорғау мен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан бізді дұрыс түсінулеріңізді сұраймын», - деді Ералы Тоғжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT