+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстанда ПТР әдісімен 662 мың тест жүргізілді – Бас санитарлық дәрігер

2020 жылғы 26 мамыр 16:15
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ПТР әдісімен 662 мың тест жүргізілді – Бас санитарлық дәрігер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Наурыз айынан бері Қазақстанда ПТР әдісімен 662 мың тест жүргізілді. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавируспен күресте халықтың мемлекетке сенім деңгейін талдау қажет – сарапшы Даниал Ахметов Өскемен мен Семейде ауыр науқастарға арналған бөлімшелерді ашуды тапсырды Қазақстанда 1 314 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

«Мұнда бір адамға бірнеше тест жүргізіледі. Мәселен, бүгінге дейін 662 мың тест жүргізіліп, 8 969 науқас анықталды. Тестілеуден өтуі мүмкін адамдар үш топқа бөлінеді. Ең алдымен науқаспен байланыста болғандар және коронавирус инфекциясына күдігі барлар тестке жіберіледі. Яғни, науқастарға ғана емес, вирусты жұқтыру күдігі бар адамдардың өзіне бірнеше тест жұмсалады. Сондықтан, тест пен науқастар саны бір-біріне сәйкес келмейді», - деді бас санитарлық дәрігер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, өңірлерде тест жасайтын зертханалар саны артады.

«Наурыз айында бір тәулікте мыңға жетер-жетпес тест жүргізетін едік. Екі жарым айдың ішінде зертханалар санын көбейттік, жеке секторды іске тарттық. Осылайша, қазір бір тәулікте ең жоғарғы көрсеткіш 23 мыңға жетті. Наурыз айында елімізде 19 зертхана болса, қазір 54 зертханада тест алынады. Одан бөлек, өңірлерде де қосымша зертханалар ашуды жоспарлап отырмыз», - деді Айжан Есмағамбетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT