Қазақстанда пойыздар неге жиі кешігеді – жауапты мекеме түсіндірді

None
БУРАБАЙ. ҚазАқпарат – Соңғы уақытта отандық пойыздардың кешігіп келу фактілері жиілеп кетті. Аталған жайтқа қатысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пойыздардың уақытылы келмеуінің бірнеше себебі бар. Алдымен қолайсыз ауа райының кесірінен. Екіншіден, елдімекендерді қиып өтетін теміржол учаскелеріне байланысты. Кейде теміржол уақытша жабылады. Келесі себеп - теміржолды жөндеу жұмысы. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жөндеу жүргізіледі», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, пойыздардың кешігуіне жол бермес үшін жұмыс жүріп жатыр. Мәселе бақылауда.

Айта кетейік, бүгін таңертең «Астана – Бурабай» туристік электр пойызы жолға шықты.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордадан Бурабайға дейінгі арнайы туристік электр пойызы күн сайын жүреді.


Соңғы жаңалықтар