+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстанда поштамен сәлемдеме жеткізу 3 күнге дейін қысқарады

2019 жылғы 25 наурыз 09:34
Бөлісіңіз:
Қазақстанда поштамен сәлемдеме жеткізу 3 күнге дейін қысқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан бойынша поштамен сәлемдеме жеткізу уақыты 3 күнге дейін қысқарады. Бұл туралы Астанада баспасөз мәслихатында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл қаңтарда жаңа пошталық есеп жүйесін іске қосып, бұл өз кезегінде бірнеше жүйедегі мәліметтерді біріктірді. Осы орайда шетелдік пошта компаниялары жүйесімен ықпалдасуға мүмкіндік жасалып, енді әрбір клиент өзінің сәлемдемесін post.kz арқылы қадағалай алады», - деді С. Сәрсенов.

Оның сөзінше, барлық процестерді оңтайлындыру нәтижесінде, өткен жылы Қазақстан бойынша сәлемдеме жеткізу уақыты 10-нан 6 күнге дейін қысқарды. 2019 жылы сәуір айынан бастап еліміз аумағында 6-дан 3 күнге дейін азайту жоспарлануда.

«Халықаралық тасымалдар мерзімін былтыр 15 күнге дейін азайта алдық. Егер де шетелдік серіктестер оңтайлы қадамдар жасаса, онда бұл мерзімді 10 күнге дейін қысқартуға қауқарлы боламыз», - деді Сәрсенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазпошта» басшысы сәлемдемелердің жоғалуына қатысты түсінік берген еді.

«Өткен жылы 18,6 млн сәлемдеме жеткіздік, оның ішінде тек қана 469 сәлемдеме жолда жоғалды. Яғни мың немесе миллион емес. Ал егер уақытылы жеткізу мәселесіне тоқталсақ, әлемдік статистика бойынша сәлемдемелердің 93-97 пайызы дер кезінде жеткізілуі тиіс. Осы орайда Дүнижүзілік пошта одағының талабы бар. Біздегі көрсеткіш 95 пайыз шамасында. 5 пайызы түрлі себептермен кешіктіріліп жеткізілді», - деді С. Сәрсенов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Логистика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT