Қазақстанда порттарды қорғауды бағалау үшін уәкілетті орган белгіленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда порттарды қорғауды бағалау үшін уәкілетті орган белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлікке қарасты Көлік комитеті төрағасының бұйрығымен порттық құралдарын қорғауды бағалау бойынша жұмыстарды атқаратын және порттық құралдарын қорғау бойынша жоспарды жасайтын уәкілетті мекеме болып «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰҚ АҚ (Ақтау ХТСП) белгіленді.

«Бүгінгі күні Қазақстанда 3 теңіз порты жұмыс жасайды - Ақтау, Баутино және Құрық. Осы стратегиялық объектілер инфрақұрылымдарын қорғау мақсатында комитет 2017 жылы кемелерді және порттық құралдарды қорғау жөніндегі Халықаралық теңіз мекемесінің талаптарын имплементациялау бойынша жұмыстарды іске асырды», - делінген хабарламада.

Осыған сәйкес халықаралық рейстерді жасайтын ауыр жүк (500-ден астам регистрлік тонна)  және жолаушылар кемелеріне қызмет көрсететін порттық құралдарын қорғауды бағалауда негізделген жоспар болуы тиіс. Осы жұмысты жасау уәкілетті мекемеге жүктеледі.

Айта кетерлігі, порттық құралдар қатарына кемелерге қызмет көрсететін және халықаралық рейстерді жасайтын теңіз терминалдары, сонымен қатар теңіз портының акваториясы, соның ішінде тұрақтар, күту орындары, теңіз портына кірістер жатады.

 

Соңғы жаңалықтар