Қазақстанда порнографиялық материал таратқан 1,5 мыңға жуық интернет-ресурс бұғатталған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі порнографиялық материалдарды таратқан 1,5 мыңға жуық интернет-ресурсты бұғаттады.

Бұл туралы онлайн брифингіде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі бастығының орынбасары Дилбар Төлегенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын алу үшін белгілі шаралар қолданылуда. Бүгінгі күні түзету мекемелерінде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін 1800-ден астам (1843) сотталушы бар. Сотталушылардың тәрбие жұмысымен психологтар айналысады, олар әр сотталғанның жеке басының психологиялық ерекшеліктерін анықтайды», - дейді Дилбар Төлегенова.

Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген барлық адамдарға сот арқылы жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге әкімшілік қадағалау орнатады. Ішкі істер органдарының рұқсатынсыз тұрақты тұрғылықты жерінен кеткен жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ, бұл адамдар туралы ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасында көрсетілген және «кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасаған адамдар» ретінде көрсетіледі (бұл туралы ақпаратты «Сamсor.gov.kz» ақпараттық жүйесі арқылы алуға болады).

Сонымен қатар, полиция департаменттерінде құрылған мамандандырылған топтар Интернетті қолдану арқылы қылмыс жасайтын педофилдерді анықтау бойынша шаралар жүргізуде.

«Аумақтық ішкі істер органдарында әлеуметтік желілерде, мессенджерлер мен пошта сервистерінде 200-ден астам жалған аккаунт құрылды. Құрылған топтардың міндеттері – балаларға қарсы қылмыс жасау үшін алғышарттар жасай алатын әлеуметтік желілерді, парақтарды, қауымдастықтарды, топтарды, танысу сайттарын анықтау және бақылау. Жыл басынан бері порнографиялық материалдарды таратқан 2 мыңнан астам интернет-ресурс анықталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оның 1,5 мыңға жуығын бұғаттап тастады», - дейді Дилбар Төлегенова.


Соңғы жаңалықтар