+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда полигондағы қоқысты жағу арқылы энергия өндіріледі

2020 жылғы 17 маусым 11:11
Бөлісіңіз:
Қазақстанда полигондағы қоқысты жағу арқылы энергия өндіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасының тұжырымдамасында тұрмыстық қатты қалдықтарды жағу арқылы оларды кәдеге жарату көзделеді. Бұл, қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға және олардың көмуге жататын көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.

«Заң жобасына депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу жолымен қайта өңдеп, кейіннен электр энергиясын алу үшін құқықтық база құру мақсатында бастамашылық етті. Өртеуге қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтардың бір бөлігі ғана қамтылады. Жыл сайын елімізде шамамен 5 млн тонна қалдық пайда болады. Олардың тек 15 пайызы қайта өңделеді. Қазір осы міндетті іске асыру үшін бүкіл әлемде қоқыс жағатын кешендер жұмыс істейді», - деді Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде электр энергиясын өндіру арқылы қалдықтарды термиялық өңдеуден өткізуге болады. Мұндай тәсіл ел аумағындағы полигондардың саны мен алаңын қысқартуға ғана емес, сондай-ақ қалдықтарды жағудан экологиялық әрі экономикалық нәтиже алуға мүмкіндік береді.

Заң жобасының маңызды аспектісі электр энергиясын алу үшін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату бойынша сегментті қолдауға бағытталған нормалар болып отыр. Құжаттың тұжырымдамасына сәйкес, негізгі қолдау тетігі қоқыс жағатын кәсіпорындар өндірген электр энергиясын кепілді сатып алу болып табылады. Ол жаңартылатын энергетика саласын қолдаудың қолданыстағы тетігіне ұқсас болады.

Осыған байланысты, заң жобасында Экологиялық кодекс пен «Электр энергетикасы туралы» және «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT